Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Алматының тағы қай аудандары лаңкестерден азат етілді?

Алматы полициясы 12 қаңтарға дейін қаланың қай аудандары лаңкестерден азат етілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал

Ел аузында

Тәртіп сақшылары 12 қаңтарда жасаған жедел қорытындыда Алатау мен Медеу аудандарының учаскелері тексерілгені айтылған.

«Жалпы 1 678 заңсыз әрекетке, тонау және басқа да қылмыстарға қатысқандар ұсталды. 36 атыс қаруы мен 1 476 оқ-дәрі тәркіленді. Қала периметрі бойынша орнатылған бес бақылау-өткізу бекетінде 38 адам ұсталды», – делінген Алматы комендатурасы ақпарат орталығы хабарламасында.

«102» пультіне 881 хабарлама, комендатураның call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап еткен 136 дабыл түскен. Барлық хабарламалар тексерілгені айтылды.

Айта кетейік, бұған дейін 10 қаңтарда Сайн – Райымбек – Карьерная – Жандосов көшелерінің аумағы, Абай – Достық – Әл-Фараби – Желтоқсан көшелерінің аумағы қылмыскерлерден тазартылғаны хабарланған болатын. 

11 қаңтарда Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы, сондай-ақ «Өжет» ықшамауданы мен Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақта лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілгені айтылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...