Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Лаңкестер 1 347 қару-жарақты алып кеткен – Алматы ПД басшысы

Алматы Полиция департаменті басшысы Қанат Таймерденов террористер 1 347 қару-жарақты алып кеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал

Ел аузында

«Басқа террористер тобы бір уақытта 7 қару-жарақ дүкенін басып алды. Ондағы қару-жарақ пен оқ-дәрілерді иемденді. Бүгінде 1 347 қару ұрланған. Оның ішінде: 501 ойық, 807 тегіс ұңғылы, 39 газтравматикалық қару», – деді Алматы Полиция департаменті басшысы Қанат Таймерденов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қылмыскерлерден қару-жарақтарды тәркілеу жалғасып жатыр.

«Бүгінде арнайы операциялар барысында 127 қару, 2 800 түрлі калибрлі оқ, сондай-ақ басқа да оқ-дәрілер мен арнайы құралдар және ұрланған мүліктер тәркіленді. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Таймерденов.

Тонаушылар 1 600-ден аса сауда нысанын тонаған. Сондай-ақ, 356-дан аса автокөлік, оның ішінде полицияның 163 қызметтік көлігі бүлінген және жойылған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...