Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Қазақстанның 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Танымал

Ел аузында

Дүйсенбі 24 қаңтарда Қазақстанның 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» ұлттық гидрометеорологиялық қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Оралда 24 қаңтарда түнде және таңертең тұман түседі.

Маңғыстау облысының батыс мен орталығында секундына 15-20 метр оңтүстік-шығыстан жел соғады. Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Түнде Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Петропавлда тұман түседі.

24-26 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. 25-26 қаңтарда облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарда секундына 15-20 метр солтүстік-шығыстан жел соғады. 24 қаңтарда облыстың оңтүстік-шығысында және таулы аудандарда көктайғақ болады. Таразда 24-26 қаңтарда тұман түседі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы жастары оқу жылын экологиялық жауапкершілік пен ел болашағына қамқорлықтан бастады

Алматыдағы ЖОО-да бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау рәсімі жалғасуда. Биылғы бірінші курс студенттері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қазақстан”...