Омикрон жұқтырғандардың 73 пайызында кездесетін симптом айтылды

Танымал

Ел аузында

Бангладеште омикрон штамын жұқтырғандардың төрттен үші (73 пайызы) мұрын бітелетініне шағымданды. Бұл туралы Денсаулық сақтау бас басқармасының ресми өкілі профессор Назмул Ислам мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, науқастардың 68 пайызында бас ауруы байқалды. Сондай-ақ, 64 пайызы шаршау сезімі барын айтқан. Осы штаммен ауырғандардың кем дегенде 60 пайызы түшкіру немесе тамақ ауруына, ал 44 пайызы жөтелге шағымданды.

«Бұл белгілерге назар аударуымыз керек, өйткені олар маусымдық тұмаудың белгілеріне ұқсайды», – деді маман.

Омикрон штамы немесе B. 1.1.529 қарашада Ботсвана мен Оңтүстік Африкада анықталды. Мамандардың айтуынша, ол ауырғандарға да, вакцина алғандарға да жұғуы мүмкін. Жаңа нұсқа 110 елде, соның ішінде Қазақстанда да анықталды. Ол алдыңғы дельта штамына қарағанда тезірек таралады.

Пандемия кезінде әлемдегі халық саны көп Бангладеште 1,7 миллионға жуық коронавирус инфекциясы анықталды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жетісу медицинасының кадрлық әлеуетін қалыптастырған колледжге – 90 жыл

Бүгін Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Талдықорған жоғары медициналық колледжінің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. 1936...