Алматыда қою тұман байқалып, әуежайда рейстер шегеріліп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматда 31 қаңтарда таңертең ерте қаланы қалың тұман басқаны байқалды.
Әуежайдың онлайн рейстер кестесіне сәйкес, бүгін 12 рейс кешігі жатыр. Оның ішінде Нұр-Сұлтаннан бес ұшақ кешігіп жатыр. Бұл бағыттағы рейсті қазақстандық төрт әуекомпаниясы орындайды: Air Astana, Fly Arystan, Qazaq Air және SCAT.
Сондай-ақ, Шымкент, Атырау, Жезқазған, Өскемен және Пхукет рейстері де кешігіп жатыр. Бес ұшақ Алматыдан Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтөбе және Жезқазған бағытына ұшуы керек болған.
Алматы-Қапшағай бағытында тасжолда көру мүмкіндігі шектеулі. Әлеуметтік желіде жолдан түсірілген кадрлар пайда болды.