Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

180 күннен кейін қайта қымбаттай ма?

Танымал

Ел аузында

Биыл жоспар бойынша мұнай өңдеу көлемі 17,9 млн тоннаны құрайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Оның ішінде автобензин ˗ 4 985 мың тонна, дизель отыны – 5 133 мың тонна, авиаотын – 686,7 мың тонна.

Бұл туралы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.

«Биыл 2 ақпандағы жағдай бойынша дизель отынының жиынтық қалдықтары 315,4 мың тоннаны құрайды. АИ-92 маркалы бензин қоры 299,2 мың тоннаны құрайды. Сондай-ақ Энергетика министрінің 2022 жылғы 6 қаңтардағы №2 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасында мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары 180 күнге мына деңгейде белгіленген: АИ-92 маркалы бензиніне – литріне 182 теңге, АИ-93 маркалы бензиніне – литріне 182 теңге, АИ-95 маркалы бензиніне – литріне 215 теңге, дизель отынының бағасы Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – литріне 260 теңге, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында  – литріне 230 теңге», – дейді министр.

Оның айтуынша, 180 күннен кейін мұнай өнімдеріне баға белгілеу бойынша министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қосымша шаралар әзірлеп жатыр, ол кейінірек хабарланады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...