Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

«Көпірме есеп, нағыз көзбояушылық»: Президент жалақы өсімі туралы статистика беретіндер жайында айтты

Танымал

Ел аузында

Орташа жалақы мен жан басына шаққандағы табыс көлемі ұдайы өсіп келеді деген көпірме есеп беріліп жүр. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазіргі таңда 1 миллионға жуық адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді. Бұл – соңғы 10 жылдағы ең нашар көрсеткіш. Сөйте тұра орташа жалақы мен жан басына шаққандағы табыс көлемі ұдайы өсіп келеді деген көпірме есеп берілуде. Бұл – нағыз көзбояушылық. 

Ашығын айтқанда, жәрдемақы және зейнетақымен күн көріп отырғандар аз емес. Соңғы бес жылда халықтың жалпы табысында еңбек кірістерінің үлесі 80 проценттен 67 процентке дейін қысқарды. Есесіне әлеуметтік трансферт көлемі 17 пайыздан 29-ға дейін артты. Бұдан азаматтардың кірісі алатын жалақысына емес, бюджет шығысына тәуелді екенін байқауға болады», – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Ол жұмыс берушілердің пайдасымен және нарықтағы бағаның көтерілуімен салыстырғанда еңбекақы әлдеқайда баяу өсіп жатқанын атап өтті. Айтуынша, соның салдарынан қарызға батқан азаматтар мен кедей адамдар саны көбейіп барады.

“Менің тапсырмам бойынша халықтың табысын арттыруға арналған бағдарлама әзірленіп жатыр. Бұл құжатта тұрғындардың кірісін көбейтумен қатар, орынсыз шығынын азайтатын тың шаралар қарастырылуға тиіс”, – деді ол. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...