Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-2 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Досаев Алматы метросының жаңа екі станциясы қашан іске қосылатынын айтты

Танымал

Ел аузында

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы жаңа екі метро станциясы қашан іске қосылатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала басшысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

Досаевтың айтуынша, жаңа «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» станциялары биылғы мамыр айында іске қосылады.

«Биылғы мамыр айында ашуды жоспарлап отырған екі метро станциясы күнделікті жолаушылар ағынын 30 мыңнан 86 мыңға дейін арттырады», – деді қала әкімі.

Досаев биыл қалада екі жолайрық пен Әуезов көшесін ұзарту жұмыстары аяқталатынын, Алматыда кемінде 100 шақырым жаңа жол салынатынын және әл-Фараби даңғылындағы құны екі миллиард теңгеге бағаланған жөндеу жұмыстарын тоқтатып, бұл ақшаны басқа мақсаттарға бағыттағанын айтты.

Еске салайық, өткен жылдың 30 желтоқсанында «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро станцияларының техникалық іске қосылуы өткен еді.

«Сарыарқа» станциясы «Фэмили» паркінің ауданында орналасқан, терең төселген, пилон типті, қозғалысы шектеулі топтары үшін 2 лифті, 8 экскалаторы бар екі кіру тобынан тұрады.

«Бауыржан Момышұлы» станциясы Абай даңғылының астында, Б. Момышұлы көшесінің батысында орналасқан. Шағын құрылыс станциясы, колонна типті. Ол екі жерасты лоббиінен және алты кіру тобынан тұрады. 6 лифт және 15 эскалатор қарастырылған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...