Президент шетелге заңсыз шығарылған қаржыны қайтару жөнінде ұсыныс әзірлеуді тапсырды

Танымал

Ел аузында

Президент қоғам болып табысты әділ бөлісу мәселесінде ымыралы пайым қалыптастыру маңызды екенін айтты.

Үкімет алдағы екі айдың ішінде Қазақстаннан шетелге заңсыз шығарылған қаржыны қайтару жөнінде ұсыныс әзірлеуі керек. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент қоғам болып табысты әділ бөлісу мәселесінде ымыралы пайым қалыптастыру маңызды екенін айтты.

«Бұл – билік пен қоғамның әлеуметтік-экономикалық аспектілерді, мемлекеттік саясат, ұлттық бірегейлік, жастарды тәрбиелеу сияқты мәселелерді қозғайтын ортақ міндеті», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен бірге, ол шетелге заңсыз шығарылған қаражатты елге қайтару мәселесіне тоқталды.

«Үкіметке екі ай мерзім ішінде шетелге заңсыз әкетілген қаржы мен онда сатып алынған активтерді елге қайтару жөнінде ұсыныстар беру міндеті жүктеледі», – деді Мемлекет басшысы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматылық хирургтар екі кезеңнен тұратын күрделі ота жасап, үлкен псевдокистаны алып тастады

Науқас бұған дейін ұйқы безінің күрделі қабынуымен ауырып, салдарынан ағзасы зақымданған және кеуде қуысында сұйықтық жиналып, бүйрек қызметі бұзылған....