Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

«Пайдакүнемдер үшін нағыз «майшелпекке» айналды»: Тоқаев «Алтын орда» базарында тәртіп орнатуды тапсырды

Танымал

Ел аузында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында орналасқан «Алтын орда» базарына тәртіпке келтіру бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Сауда-саттықта делдалдыққа тоқтау салатын кез келді. Мысалы, 3 миллион адам тұратын Алматы қаласы мен оның төңірегіндегі елді мекен тұрғындары тұтыну тауарларын көбіне «Алтын орда» базарынан алады. Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдеріне үкіметпен бірлесіп, базарда тәртіп орнатуды тапсырамын. Бұл жер пайдакүнемдер үшін нағыз «майшелпекке» айналған», – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент басқа аймақтардағы базарларды да делдалдардан тазарту қажеттігін жеткізді.

«Қажет болса, бұл жұмысқа құқық қорғау органдары атсалыссын. Екі ай уақыт беремін», – деп атап көрсетті Тоқаев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...