Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге екі күндік жұмыс сапарымен барады

Танымал

Ел аузында

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен 10-11 ақпанда Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қасым-Жомарт Тоқаев 10 ақпанда Мәскеуде Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Мемлекет басшылары кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестіктің даму бағыттарын қарастырады», – делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы 11 ақпанда Қазанда Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездесіп, республикадағы бірқатар ірі кәсіпорынды аралайды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғылыми шындық пен көзқарас: жас зерттеушілер дискурсы

         Дәстүрге сәйкес қара шаңырақ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жас ғалымдар мен студент, магистрант, докторанттар қатысқан «Фараби әлемі» халықаралық...