Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Парацетамолдың қандай қатері бар?

Танымал

Ел аузында

Эдинбург университетінің мамандары зерттеу жүргізіп, парацетамолды ұзақ уақыт қолдану қан қысымы жоғары науқастарда жүрек ауруы мен инсульт ықтималдығын арттыратынын анықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Зерттеуге қан қысымы жоғары 110 ерікті қатысқан. Екі апта бойы олардың кейбіреуі күніне төрт рет парацетамол қабылдаған, ал басқалары – плацебо.

Сонымен қатар, олардың үштен екісі гипертонияға қарсы препараттарды қоса ішкен. Нәтижесінде, орташа есеппен зертеуге қатысушылардың қан қысымы жоғарылағаны анықталған.

Сарапшылар пікірінше, парацетамолды үнемі қолдану жүрек ауруы немесе инсульт қаупін шамамен 20 пайызға арттырады деуге болады. Адамдар препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін олардың қан қысымы бастапқы деңгейге оралған.

Бұрын парацетамолды қабылдау бауыр ауруын күшейтуі, аллергия, қышу, ісіну немесе қабыршақтанған тері бөртпесі түрінде аллергиялық реакция тудыруы мүмкін екені белгілі болған.

Парацетамол, сондай-ақ ацетаминофен ретінде белгілі. Препарат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының маңызды дәрілік заттар тізіміне енгізілген.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...