Ақпанның соңына дейін утилизациялық алымның жаңа мөлшерлемесі белгілі болады

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда ақпанның аяғына дейін кәдеге жарату төлемінің жаңа мөлшерлемесі қабылданады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев кәдеге жарату алымын әкімшілендіру және қаражатқа иелік ету функциялары мемлекеттің 100 пайыз қатысу үлесі бар ведомстволық бағынысты ұйымы – «Жасыл Даму» АҚ-қа берілгенін еске салды.

«Директорлар құрамы бекітілді. Айта кетерлік жайт, директорлар құрамына қоғам өкілдері кірді. Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП алаңында күн сайын утильалым мөлшерлемелерін қайта қарау мәселесі бойынша қоғам, бизнес және мүдделі мемлекеттік органдар қатысқан жұмыс тобының отырыстары өтіп жатыр, – деді министр.

Ол 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін кабель және сым өнімдерін кәдеге жарату төлемдерін жинауды тоқтату туралы шешім қабылданғанын еске салды.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен осы айдың аяғына дейін мөлшерлемелерді қайта қарау бойынша жұмысты аяқтаймыз», – деп түйіндеді Брекешев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ…

Жақында Алматыда 8848 театры құрылып,  жаңа театр өнер әлеміне бет алды.   Театр ұжымының айтуынша, бұл  өнер кеңістігіне жаңаша ой,...