Қаңтар оқиғалары кезінде зорланған әйелдер жайлы деректер айтылды

Танымал

Ел аузында

Қаңтар оқиғасын тергеу жөніндегі «Ақиқат» қоғамдық комиссиясының мүшелері жаппай тәртіпсіздіктер кезінде жасалған жыныстық зорлық-зомбылықтар туралы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Комиссия мүшелері зорлық-зомбылықтың екі фактісін тіркеді.

«5 қаңтарда автобустар жүрмеді, сұлулық салонының қызметкерлері жұмыстан қайтып келе жатқанда оларды белгісіз біреулер зорлаған. Олар полицияға арызданған жоқ. Отбасылары, күйеулері болғандықтан жария еткісі келмеген», — деді «Human Rights Lawyers» ҚҚ төрағасы Ләззат Рақышева.

Тағы бір факті туралы адвокат Айман Омарова айтты.

«Тағы бір зорлау оқиғасы әкімдік ғимаратының жанында болды. Бұл факті бойынша да полицияға арыз түскен жоқ», – деп түсіндірді Айман Омарова.

Еске сала кетейік, 7 қаңтарда Президент Twitter-де «бандиттер жас сарбаздарды өлтірді, әкімшілік ғимараттарды өртеді, жеке үйлер мен дүкендерді тонады, бейбіт тұрғындарды өлтірді, әйелдерді зорлады» деп мәлімдеген еді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

B2B Way Club запускает онлайн и офлайн-встречи между казахстанским бизнесом и международными производителями

В рамках подготовки к международной выставке HomeTech & Electra 2026 проект B2B Way Clubразвивает несколько направлений работы, которые помогают казахстанскому бизнесу заранее...