Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа сұхбаты республикалық телеарналардан көрсетіледі

Танымал

Ел аузында

17 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты шығады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram-да мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ертең, 17 ақпанда сағат 20:30-да QAZAQSTAN ұлттық телеарнасынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі», – деп жазды Берік Уәли.

Баспасөз хатшысы Президент сұхбат барысында қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап беретінін айтты.

Бұған дейін Мемлекет басшысы «Хабар 24» телеарнасының журналисіне эксклюзив сұхбат берген болатын. Президент өзекті және қоғамдық мәселелерге жауап берген еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының бастамасымен Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен рухани мұрасын балаларға танытуға...