Президент қандай басылымдарды оқиды?

Танымал

Ел аузында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күнделікті қандай ақпарат көздерін пайдаланатынын, соның ішінде қандай мерзімді басылымдарды үзбей оқып тұратынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мерзімді баспасөзді үзбей қараймын. Бұл – менің бұрыннан қалыптасқан дағдым. «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Астана ақшамы» газеттерін оқимын. «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ», «Түркістан» газеттерін де міндетті түрде оқып тұрамын. Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем, астын сызып оқуға тырысамын. Өзекті мәселе байқасам, оған қатысты нақты тапсырма беремін. Әлеуметтік желідегі өткір жазбаларды да үнемі шолып отырамын. Ал теледидардан жаңалықтар мен сараптамалық бағдарламаларды көремін», – деді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Тазабек Сәмбетбай: Конституцияның жаңа жобасы: білімді ұрпақ қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктері

(Білім мен ғылым – жаңа Ата заңдағы басты басымдық) Елімізде ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы қоғамның түрлі саласына тың өзгерістер әкелуді көздейді....