Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
-3.7 C
Shymkent

АҚШ-та Қазақстан азаматы оқ тиіп мерт болды

Танымал

Ел аузында

АҚШ-та Қазақстан азаматы оқ жарақатынан мерт болды. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі растады. 

«Осы жылдың 16 ақпанында Миннесота штатының Сент-Пол қаласында Қазақстан Республикасының азаматы белгісіз жағдайда қаза тапты. Жергілікті полиция берген ақпаратқа сәйкес, отандасымыз өз көлігінде оқ жарақатынан көз жұмған», – делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, полиция осы оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыс жасады деген күдікті қамауға алынды.

«ҚР консулы марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста», – деп нақтылады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легі аяқталды: медиакеңістікке жаңа буын сарапшылары шықты

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легінің қорытынды Networking іс-шарасы өтті. Бұл — сарапшыларды кәсіби коммуникация мен медиамен жұмыс істеуге...