Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25.8 C
Nur-Sultan
27.5 C
Almaty
32.1 C
Shymkent

Қаңтар оқиғаларынан кейін елімізде әлі 18 шетел азаматы қамауда отыр

Танымал

Ел аузында

Қаңтар басында Қазақстанда болған тәртіпсіздіктерден кейін 18 шетел азаматы тұтқындалған. Бұл туралы адам құқықтары бойынша омбудсмен Эльвира Азимова мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты тұтқындалғандар арасында қазір 18 шетел азаматы тергеу изоляторларында отыр. Олардың 14-і Өзбекстан, 2-і Ресей және тағы 2-і Қырғызстан азаматтары», – деді Азимова өз мәлімдемесінде. 

Сонымен қатар Азимова азаматтар қамауда отырған жабық мекемелердегі мониторинг нәтижесімен бөлісті.

«Азаматтар қамауда отырған бөлімдерде 6 қаңтардан кейін 48 сағат көлемінде ауыз су мен тамақ қолжетімсіз болған жағдайлар тіркелген. Мұндай мәселе мекемелерде ұсталғандар санының тым көп болуымен байланысты туындаған. Кейін жағдай қалпына келтірілді. 10 қаңтардан кейін тұтқындалғандарға үйден ақша алуға рұқсат берілді. Бүгінгі таңда тамақтану мәселесі дұрысталған, дегенмен тамақ сапасына қатысты бірнеше өтініш келіп түскен», – деп қосты омбудсмен.

Айта кетейік, тәртіпсіздіктерден кейін қамауға алынған қырғыз музыканты Викрам Рузахунов өзінің Қазақстанда азапталғанын, полицейлердің соққыға жыққаны туралы айтып берген.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...