Сенат Серік Сыдықовты қызметінен босатты

Танымал

Ел аузында

Сенат Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сыдықовты қызметінен босатты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Серік Сламжанұлына Орталық сайлау комиссиясының мүшесі ретінде атқарған жұмысы үшін алғыс айта отырып, қызметіне табыс тілейміз», – деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Серік Сыдықов 1962 жылы туған. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан Республикасы Парламентінде 1995 жылдан бері жұмыс істеген. Сенат Аппараты Құқықтық сараптама бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі, Сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Сенат Аппараты Басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

«Құрмет» орденімен, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Тергеушінің бір күні: жауапкершілік пен әділдік

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Созақ ауданы полиция бөлімінің тергеушісі Ерубай Рәт үшін әр күн – үлкен жауапкершілік пен...