Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
23.3 C
Shymkent

Путин Украинаға басып кірді: Бірнеше қалаларда жарылыс дауыстары естілуде

Танымал

Ел аузында

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Арна тілшілерінің мәліметінше, “жарылыстардың үздіксіз легі” естілуде.

24 ақпан бейсенбі күні таңертеңгі уақытта сағат 5:00-ден кейін Украинаның бірнеше қалаларында соның ішінде соның ішінде Киевте де жарылыс даусы естілді.

Краматорскіде кем дегенде төрт жарылыс, Одесса, Харьков, Бердянскіде күшті жарылыс, Донбасста лаңкестердің күшті атқылауының басталуы туралы хабарланды.

Жарылыстардың даусы ел астанасында да естілген, дауыстар тіпті Позняков пен Троещина тұрғындарының құлағына келген.

Қазіргі уақытта Борисполь әуежайы аймағында жарылыс пен атыс болып жатыр. Еске салайық, Владимир Путин бұған дейін Донбасста арнайы операция өткізуге шешім қабылдағанын айтқан еді.

«Қалыптасқан жағдай бізден шұғыл әрі батыл шешім қабылдауды қажет етеді. Донбастағы халықтық республикалар Ресейден көмек сұрады. Осыған байланысты БҰҰ жарғысының 51-бабы 7-бөліміне сәйкес, Федерация кеңесі санкциясымен және Федералдық жиналыста ратификацияланған ДХР және ЛХР-мен жасалған достық пен өзара қолдау туралы келісімді орындау үшін мен арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдадым», – деген ол.

Сонымен қатар Ресей басшысы басты мақсат Украинаны оккупациялау емес екенін атап өткен.

Алайда 24 ақпан бейсенбінің таңертеңгі уақытынан бастап Укранинаның бірнеше қалаларында жарылыс болғаны хабарланған. Бұл қалалардың қатарында ел астанасы Киев те бар.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматинские врачи вернули возможность ходить пациентке

В Городской клинической больнице №7 города Алматы нейрохирурги восстановили 37-летней женщине функции нижней конечности. Теперь в течение года она...