Димаш Құдайберген Чехияда концерт береді

Танымал

Ел аузында

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Еуропада концерт береді. Әншінің кезекті ән кеші Чехия астанасы Прага қаласына жоспарланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Концерт 2022 жылдың 16 сәуірінде «Типспорт Арена» кешенінде өтеді. Қуанышты хабарды Димаштың өзі хабарлап, тыңдармандарын музыкалық кештің куәсі болуға шақырды. 

«Концерт Чехияның ең әдемі әрі ең үлкен ареналарының бірі – «Типспорт Аренада» болады. Көптен күткен алдағы кездесуімізді тағатсыздана күтемін. Махаббатпен, Димаш», – деді Құдайберген. 

Айта кетейік, Димаштың жеке кеші наурыз айының 25-де Дубайда, сәуірдің 2-де Беларусьте өтеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың ең серпінді кезеңін бастан кешірді. 2018-2025 жылдар аралығында мемлекет басшыларының...