Елордадағы шетелдік таксистер елден шығарылды

Танымал

Ел аузында

Елордада шетелдіктер заңсыз такси қызметін ұсынған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақын шет елдерден келген 21 жүргізуші ұсталған. Олардың жолаушыларды тасымалдауға рұқсаты болмаса да, «Яндекс» және Uber қызметтерін пайдаланған.

Олар ҚР ӘҚБтК-нің «Тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу» 463-бабын бұзғаны үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот қаулылары бойынша 8 жүргізуші Қазақстан Республикасынан шығарылып, 13 жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы «Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон және жұмысқа орналастыру саласындағы ҚР заңнамасын бұзуы» бойынша 25 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Автокөліктер коммуналды тұраққа қойылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Каждый вызов — важен: в Алматинской области усиливается служба скорой медицинской помощи

В Алматинской области активно ведётся работа по модернизации службы скорой медицинской помощи. Сегодня в регионе круглосуточно работают 147 бригад...