Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

Канада Ресейден мұнай импорттауға тыйым салады

Танымал

Ел аузында

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо ресейлік шикі мұнайды импорттауға тыйым салатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Трюдо мұнайдан түскен табыс Ресей президенті Владимир Путин мен ресейлік олигархтарды қолдауға көмектескенін айтты.

«Ресейден шикі мұнайдың барлық импортына тыйым салатынымызды жариялаймын. Мұнайдан түскен пайда президент Путин мен оның олигархтарына үлкен пайда әкелді», – деді Канада премьер-министрі және ол Украинаны қолдауды жалғастыратынын айтты.

Ресейге қарсы қойылған Батыс санкциялары тек банктерге бағытталған, бірақ олар Ресейден мұнай мен газ экспортын әлі де қабылдайды. Ал Канаданың Еуропадан айырмашылығы, Ресейдің мұнай экспортына тәуелді емес.

Канада статистикасының мәліметі бойынша, 2021 жылы Оттава небәрі 289 миллион канадалық доллардың энергия өнімдерін импорттады. Канаданың өзі әлемдегі төртінші ірі мұнай өндіруші. Әзірге тыйым тек шикі мұнайға қатысты, бірақ үкімет басқа да шектеулерді қарас, деп қарастыруда, деп хабарлады үкіметтегі дереккөз Reuters агенттігіне.

Алайда Еуропа ресейлік өнімдерге тәуелді. Еуропалық Одақтағы мұнай импортының төрттен бірі Ресейден келеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...