Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-11.1 C
Almaty
4.3 C
Shymkent

Қазақстандағы ресейлік телеарналардың өшірілуі: Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі түсіндірді

Танымал

Ел аузында

Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстандағы ресейлік телеарналардың хабар таратуын тоқтату туралы шешім қабылдамағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің ұстанымы бойынша телехабар таратуды ешкім шектемейді. Бұл – байланыс операторлары мен жеке арна провайдерлері арасындағы  шарттық қатынас. Біз бұл шарттық қатынастарға араласпаймыз және оған еш қатысымыз жоқ. Бірақ телерадио хабарларын таратуда ешкімді шектей алмайды. Қазақстан ресейлік телеарналарды өшіру туралы шешім қабылдаған жоқ», – деп түсіндірді ведомство тілшісіне.

Ведомство «Ремстройсервис» кәсіпорнындағы жағдайдың қазір тұрақтанғанын және соның ішінде ресейлік араналарды да көрсетуді жалғастырып жатқанын түсіндірді.

Бұған дейін Қарағанды ​​облысындағы «Ремстройсервис» аймақтық телекоммуникация кәсіпорны өзінің telegram-каналында Украинадағы оқиғаларға байланысты ресейлік федералды телеарналардың хабар таратуын өшіргенін мәлімдеген. Кейінірек хабарландыру өшірілді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғасырлар қойнауынан оралған Хикметтер

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Ясауитану ғылыми орталығы «Хикметтердің» көне қолжазба нұсқасына қол жеткізді. Жергілікті тұрғындардың көмегімен табылған...