«Алматы облысы «Теңізшевройл» компаниясымен әріптестікті нығайтып, мұнай өндіретін кәсіпорынның қажеттілігін қамтамасыз етеді. Жетісу жерінің өнім өндірушілері енді халықаралық компанияға азық-түлік пен кәсіптік киім-кешек жеткізіп тұратын болды. Мұндай тиімді келісімнің нәтижесі облыс әкімі Қанат Бозымбаев пен «Теңізшевройл» компаниясының бас директоры Кевин Лайонның кездесуінен кейін белгілі болды», – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Кездесуді ашқан өңір басшысы облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары жайлы мағлұмат бере отырып
-Жеңіл өнеркәсті кеңейтіп, тағы бір тігін фабрикасын ашуға кірістік. «Теңізшевройл» үшін біз арнайы киім мен аяқкиім, жеке тазалық құралдарын жеткізіп бере аламыз. Себебі, елімізде өндірілетін медициналық масканың 15%-ы жетісулықтар тігіп, талапқа сай дайындап шығарады,- деді Қанат Бозымбаев.
Қалай десек те Алматы облысының мүмкіндіктері енді ашылды. Бүгінде облыста өндірістің барлық саласы дамып келеді. Әуелгі кезекте аграрлы облыста өсіріліп, өңделетін азық-түлік тауарлары сусындар туралы айтсақ, Қазақстанда өндірілетін жалпы өнімнің 42%-ын құрайтын Жетісу жері алдыңғы орында тұр, Бұл факт.Логистика саласының ерекше қарқынмен дамытудың басты себебі көршілес Қытайдан шыққан жүктердің елеулі бөлігі Еуропаға осы аймақ арқылы өтеді.Сондай-ақ, құрылыс материалдары мен дөңгелектер басқа да көптеген сапалы өнімдерді шығарады.Энергетика саласында қызмет көрсететін «АСПК-19», «Промстрой-Энерго» сынды белгілі компанияларымен қатар, аймақтың туристік әлеуетін көрсететін компаниялар тағы бар. Сондықтан шетелдік ірі компаниямен тығыз қарым-қатынас орнатып, бірлесе жұмыс істеуге жетісулықтардың мүмкіндіктері мол.
Өз кезегінде Кевин Лайон «Теңізшевройл» компаниясы әріптестерімен берік байланыс орнату жолында білікті мамандарды тәжірибе алмасу үшін жіберуге ниетті екендігін жеткізді. Себебі, ауылшаруашылық өнімдерін экспортқа шығару мүмкіндігін білу кәсіпкерлер үшін өте қажеттілік болып саналады.
Негізі екінің бірі қолда бар мүмкіндікті дер кезінде ұтымды пайдалана алмайды. Аз уақытта мол мүмкіндікті аша білген осындай кездесулер арқылы іскерлігін көрсетуі құптарлық жайт.
Нұрбол Әлдібаев,
Алматы облысы.