Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Жетісу туризмі халықаралық деңгейге көтеріледі

Танымал

Ел аузында

 Алдағы туристік маусымда Алакөл бағытына «Тальго» жүрдек пойызы жүреді. «Қазақстан Темір Жолы» АҚ басшылығы мен Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев осындай меморандумға қой қойды. Сонымен бірге көл жағалауына жолаушы тасымалдайтын барлық пойыздардың жайлы болуына, сапалық деңгейін арттыруға назар аударылады. Мәселен, «Жолаушы тасымалы» АҚ-ның барлық вагондары желдетудің заманауи жаңа жүйесімен қамтамасыз етілмек, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы облысының әкімі  Қанат Бозымбаев пен «Қазақстан Темір Жолы» АҚ төрағасы  Нұрлан Сауранбаев Жетісу туризмін халықалық деңгейге көтеру мақсатында мемериандумға қол қойысты. Басты мәселе Алакөл жағалауына дейін туристерді жайлы да жылдам «Тальго» жүрдек поезын тоқтаусыз, күнара жүргізу жоспарланды. Жолаушыларға жайлы, билет бағасы қолжетімді вагондар жүргізу үшін облыс әкімдігі тарапынан субсидиялау мәселесі  шешімін табады.

Вагондарда кондиционер мен ыстық судың жоқтығы және тағы да  басқа жағдайлардың  жасалмағандығы туралы  жолаушылардың шағымдарына байланысты облыс әкімі Қанат Бозымбаев «Қазақстан темір жолы» АҚ өкілдерімен бірлесіп жеке тасымалдаушы компаниялардың вагондарын аттестациялауды ұсынды. Енді әрбір тасымалдаушы пойыздарының жайлы болуына назар аударуы тиіс. Бұл ретте сұранысқа сәйкес купе типті вагондар саны көбейтілуі қажет.Осы жұмыс жақсы нәтиже берсе жыл сайын Алакөл жағалауына демалуға келушілер саны артқан үстіне арта түседі. Сөйтіп, сұранысқа сай Алакөл жағалауы халықалық деңгейдегі демалыс орнына айналатыны анық. Басты талап – жайлы да жүрдек поезд қатынасын жақсартып, халықаралық деңгейде қызмет көрсете білу керек. Талдықорғандағы ынтымақтастық тұрғысындағы кездесу осы игіліктің алғашқы қадамы десек те болады.Екі жақты мемериандум дер кезінде іс жүзіне асса нұр үстіне нұр!

 Сонымен қатар шойын жолға қатысты инфрақұрылым мен транзиттік әлеуетті дамыту мәселелерін талқылады. Осы орайда баса айтатын жайт темір жол мен онда жүретін  поездарды жөндеуге керекті құрылыс материалдарының барлығы Жетісу жерінде жасалып, сатылады.Тек сұраныс болса жеткілікті. Қолда бар мүмкіндікті осы мәселеге неге пайдаланбасқа?! Құрылыс материалдарын өндірушілердің бұл мәселесі екі жақты мемориандумда ескеріліп, өңірдегі өндіріс орындарының  құрылыс материалдарын пайдаланып, жұмысқа  жергілікті мамандар тартылып,  3500 адамға жұмыс беру жоспарланды.

 – Біз экологияға зиянын тигізбейтін индустрияны кеңейту үшін машина жасау саласын дамытамыз. «ҚТЖ-ның» сұранысын білсек қажетті  құрал-жабдықтарды шығаруға дайынбыз. Ол үшін инвесторлар тартамыз. Бұл ретте бізге сіздердің қолдауларыңыз керек. Біз өз тарапымыздан инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, Алакөл көліне жолаушылар тасымалдауды субсидиялауға тиісті көмек көрсетеміз. Жергілікті мазмұнды дамыту, тұрақты жұмыс орындарын ашу – бұл сіздермен бірлескен ісіміздің тек алғашқы жемісі ғана, одан да көп мүмкіндіктерге жол ашылады, – деді Қ. Бозымбаев.

Нұрбол Әлдібаев,

Алматы облысы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...