Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Іскерлік жылдамдығымен де көрінеді

Танымал

Ел аузында

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев «ЖетісуОблГаз» ЖШС бас директоры Зияш Қияқбаевпен кездесті,- деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мұны өңір басшысының іскерлігін жылдамдығымен және бірсөзділігімен байланыстырған жөн. Себебі, өткен аптада ғана облыс әкімі журналистермен кездескенде осы жайлы хабардар  еткен болатын.

Шыны керек, Жетісу жерін газдандыруға бюджеттен милион бөлінетін қаражаттан бастап, өзекті мәселелерін журналистер жазып та, көрсетіп те келеді. Бірақ атқарылған жұмыстың мысықтабандап басқанын, сапасыздығын халық көріп отыр.

   Тұрғындардың табиғи газ пайдалануына жағдай жасау үшін бөлінген қаржы көлемінің ауқымдылығына қарамастан бүгінгі күні іс жүзінде газды облыстың 702 мыңнан астам тұрғыны немесе 54% пайдаланып отыр. Яғни елді мекендерді газдандыру мен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытындағы негізгі мақсатқа қол жеткізілмеген», – деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев

«ЖетісуОблГаз» ЖШС бас директоры Зияш Қияқбаевтың айтуынша, Алматы облысындағы 742 елді мекеннің 473-і газдандыруға жатады.Жалпы оң динамика бар болғанымен  соңғы бес жылда  жетісулықтардың 55,3%  газға қосылған. Жеткізу және газ тарату жүйелерінің, АГТС-тар бюджет есебінен салынып, пайдалануға берілгенімен, әлі күнге іске қосылмай тұр. Осыған байланысты Іле, Талғар, Жамбыл, Қарасай, Қаратал,Кербұлақ, Көксу, Балқаш аудандарындағы 14 елді мекен газға қол жеткізе алмай отыр. Бұл нысанның тоналуы мен бұзылу қаупін туындатып қана қоймай, ең бастысы әлеуметтік шиеленіс туғызып, экологияға кері әсер етуде. Дегенмен жақсы жаңалықтар да бар. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша газға облыстың 33 елді мекені қосылып, 78 мың адам газдың игілігін көреді деп жоспарланған. Республикалық және жергілікті бюджет есебінен іске асырылған жобалар Қаратал, Ескелді, Көксу, Балқаш, Жамбыл, Талғар аудандарының елді мекендерін қамтиды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жалпы құны 4,1 млрд.теңге болатын 5 жоба жүзеге асты. Олар Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылын, Талғар ауданы Жалғамыс, Ақтас, Ақдала ауылдарын, Балқаш ауданы Бақанас ауылын қамтыды.Сол сияқты Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарына газ жеткізу үшін «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбыры құрылысының жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда екен.

Жауапты адамдар осыған дейінгі кемшіліктерді қайталамас үшін – іске асып жатқан және жаңа жобалар елді мекендерде қарқынынды жүруі үшін облыс әкімі Қанат Бозымбаев аудан әкімдіктері мен инвесторларды бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Олар жылдам шешілетін ұсақ мәселелерге байланып қалмай, өзара ынтымақтаса отырып қарқынды жұмыс істеуі тиіс.

– Мәселен, Талғар ауданы Кіші Байсерке ауылының тұрғындарының инвесторлар жұмысына көңілі толмайды. Бұл жерде инвесторлардың есебінен жүргізілген жүйелердің  жарамдылығын  анықтап, егер жарамды болса, оны жобаға енгізіп, пайдалану керек. Жарамсыз болса, инвесторлар өз қаржысын жұмсап енгізген жүйені алып тастасын. Бұл мәселе туралы  соттың шешімі де бар. Шара қабылдауды ұзаққа созбаңыздар, ширақ қимылдаңыздар. Қызылтуда 2 көшеде газ тарату жүйесі дайын, қалғаны бюджет есебінен салынады, өйткені инвестор белгілеген баға халық үшін қымбат болып отыр. Газға қосылу құнын аспандатпай, қолжетімді ету үшін инвесторлар есебінен газдандырудың тиісті ережесін дайындауымыз керек. Бірігіп талқылап, қабылдайық. Бізге инвестицияға тартымды, орынды жүйе қажет. Біз бюджет есебінен газдандыруды жалғастырамыз, мүмкіндік болса өзге де инвесторларды тартамыз. Бұл ретте уәкілетті органдар тарапынан тиісті бақылау болуы керек. Инвесторлардың шығынға батпай, салған қаржыларын қайтарып алғаны маңызды,-  деп кездесуді облыс әкімі қорытындылады.

Нұрбол Әлдібаев,

«Заң газеті».

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...