Аманжол Әлтай Мәжіліс депутаты ретінде ант берді

Танымал

Ел аузында

Ол Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Аманжол Әлтай депутат ретінде ант берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін», – деді А. Әлтай.

Сонымен қатар, бүгін палатаның жалпы отырысында Мәжіліс депутаты А. Әлтай Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Саяси кеңес Бюросының қаулысымен «AMANAT» партиясынан Парламент Мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданды

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматылық хирургтар екі кезеңнен тұратын күрделі ота жасап, үлкен псевдокистаны алып тастады

Науқас бұған дейін ұйқы безінің күрделі қабынуымен ауырып, салдарынан ағзасы зақымданған және кеуде қуысында сұйықтық жиналып, бүйрек қызметі бұзылған....