Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

22 C
Nur-Sultan
20.1 C
Almaty
25.9 C
Shymkent

Ресей жаһандық интернеттен ажыратылуы мүмкін: вице-министр Қазақстанға әсері жайлы айтты

Танымал

Ел аузында

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Ресей жаһандық интернеттен ажыратылған жағдайда Қазақстанда байланыс нашарламайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазақстанның тек Ресей арқылы емес, әртүрлі торабы бар. Яғни Қазақстанға интернеттен толығымен ажырау қаупі ешқашан төнбейді. Бұл үшін уайымдамаңыздар», – деді Оразбек мәжіліс кулуарында.

Вице-министр «Қазақстанда интернет нашарлай ма?» деген сауалға да «жоқ» деп жауап берді.

«Менің ойымша, нашарламайды. Өйткені Қытаймен арадағы тораптар бізге, мысалы, Еуропадан алатын трафикті сол көлемде алуға мүмкіндік береді», – деді ол.

Айтуынша, цифрлық даму министрлігі барлық ықтимал тәуекелді зерделеп, Қазақстанда интернетке қатысты айтарлықтай проблема болмайды деген болжамға келген.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

№75 мекемесінің сотталғандар арасында есірткіге қарсы шара өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 14 тамыздағы бұйрығына сәйкес қоғамның бүгінгі таңдағы ерекше мән беретін өзекті мәселесі...