Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14.6 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
19.8 C
Shymkent

Ресей жаһандық интернеттен ажыратылуы мүмкін: вице-министр Қазақстанға әсері жайлы айтты

Танымал

Ел аузында

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Ресей жаһандық интернеттен ажыратылған жағдайда Қазақстанда байланыс нашарламайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазақстанның тек Ресей арқылы емес, әртүрлі торабы бар. Яғни Қазақстанға интернеттен толығымен ажырау қаупі ешқашан төнбейді. Бұл үшін уайымдамаңыздар», – деді Оразбек мәжіліс кулуарында.

Вице-министр «Қазақстанда интернет нашарлай ма?» деген сауалға да «жоқ» деп жауап берді.

«Менің ойымша, нашарламайды. Өйткені Қытаймен арадағы тораптар бізге, мысалы, Еуропадан алатын трафикті сол көлемде алуға мүмкіндік береді», – деді ол.

Айтуынша, цифрлық даму министрлігі барлық ықтимал тәуекелді зерделеп, Қазақстанда интернетке қатысты айтарлықтай проблема болмайды деген болжамға келген.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жетісу облысында алғаш рет КТ-навигация көмегімен өкпенің трансторакальді трепан-биопсиясы жүргізілді

Талдыорған қаласындағы Облыстық көпсалалы клиникада Жетісу облысының штаттан тыс бас онкологы, аталған клиника директоры Мадияр Аманкелдыұлы Умирбаевтың жетекшілігімен өңірде...