Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Кәрім Мәсімов ісі: ҰҚК жаңа деректерді фотосымен жариялады

Танымал

Ел аузында

Ұлттық қауіпсіздік комитеті күдікті Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалардың мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға дайындық дерегі бойынша басталған қылмыстық істі тергеу бойынша жаңа деректер жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, тергеу барысында Мәсімов әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық белгілері көп анықталғаны хабарланды.

«Жылжымайтын мүлікті заңсыз алу деректері, қымбат сыйлықтар, оның ішінде мәдени құндылықтар, отандық бизнес-қоғамдастық өкілдерінен және шетелдік субъектілерден қомақты қаражат алу дерегі құжатқа түсті.

Атап айтқанда, ҰҚК төрағасы лауазымында Мәсімовтың жабық келісімшарттардың бірі бойынша шет мемлекет өкілдерінен 2 миллион АҚШ доллары сомасында пара алу дерегіне тергеу жүріп жатыр», – делінген хабарламада.

Аталған қаражаттың Гонконгтан Қазақстан Ұлттық банкіне қайтарылуы қамтамасыз етілетіні айтылды.

Сондай-ақ, Мәсімов премьер-министр лауазымында болғанда елордада бизнес-құрылымдардың бірінен құны 2,5 миллиард теңгеге жуық элиталық қонақ үй мен жер учаскесін алу дерегі бойынша тергеу басталды.

Мәсімов ұсталғаннан кейін, 2022 жылдың қаңтарында бұл қонақ үйден 17,2 миллион АҚШ доллары, сондай-ақ көптеген сәнді заттар – элиталық сағаттар, алтын құймалар, антиквариат және тағы басқа заттар тәркіленгені хабарланды.

Одан бөлек, бизнес-класс санатындағы 11 қымбат автокөлік тәркіленді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы екі элиталық пәтеріне, Алматыдағы екі пәтерге және сарайға, сондай-ақ, Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлдің жағасындағы ауданы 1 гектар жер учаскесіне тыйым салынды.

Мәсімовпен жақын байланыстағы адамдардан 5,1 миллион доллар тәркіленді.

«Осымен бір мезгілде Мәсімов пен оның айналасындағылар шетел банктеріне заңсыз шығарған аса ірі мөлшердегі ақшалай қаражатты іздестіру, бұғаттау және Қазақстанға қайтару бойынша жұмыс ұйымдастырылды», – делінген хабарламада.

ҰҚК мәліметінше, барлық көрсетілген деректер бойынша қарқынды жедел жедел-тергеу іс-шаралары жүріп жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...