Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Байқоңырдағы Ресейдің соғыс акциясына қазақ оқушылары тартылды

Танымал

Ел аузында

Ең жаманы, акцияға 10-11 сынып және Байқоңыр электр-радиотехника техникумының кәмелет жасқа толмаған оқушылары тартылған.

Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасынан ұзақ уақытқа жалға алған Байқоңыр ғарыш айлағында көрші елдің Украинаға қарсы ашқан соғысын қолдаған акция өтті деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы “Роскосмос” мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозин жазды. Ол көліктер «Z», ал адамдар «V» әрпін бейнелеген шарада ту ұстаған балаларды “Байқоңырдың болашағы” деп атады.

Осы орайда тиісті қадам қазақстандық желі қолданушылардың ашу-ызасын туғызды. Мәселен Мұрат Балабай есімді азамат Конституцияға сәйкес, елімізде соғысты насихаттауға жол берілмеуі керектігін, оған қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын келтірді.

“Ең жаманы, акцияға 10-11 сынып және Байқоңыр электр-радиотехника техникумының кәмелет жасқа толмаған оқушылары тартылған”, – деп наразылығын жеткізген ол ата-аналардың алаңдағы шараның нақты мазмұнын білмегенін атап өтіп, құзырлы орындардан істің мән-жайын анықтауды талап етті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Fix Price Қазақстандағы ең қарқынды дамып жатқан non-food ритейлерлердің бірі атанды

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Fix Price дүкендер саны 349-ға жетіп, бір жыл ішінде 62 сауда нүктесіне көбейді. INFOLine аналитикалық агенттігінің...