Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Бас прокурор қаңтар оқиғасы туралы: Түпкі мақсат – билікті күшпен басып алу болды

Танымал

Ел аузында

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанда қаңтардағы оқиғалар толқын сипатында дамығанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қаңтар оқиғасы толқын тәрізді болған.

«Бірінші толқын – бейбіт митингілер. Олармен полицияның ешқандай қақтығыс болған жоқ. Керісінше, билік бейбіт митингілер өткізуге мүмкіндік берді. Алайда содан кейін наразылық білдірушілер қатарына түрлі экстремистер қосылды, олар наразылықты радикал бағытқа бұрды. Олардың қозуына байланысты алғашқы қақтығыстар басталды. Бұл – екінші толқын. Үшінші толқынға қылмыстық топтар қосылды. Бұзақылық, өртеу басталды», – деді Асылов Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, түрлі нысандарға шабуыл жасаған қарулы радикалдар хаосты пайдаланған.

«Яғни, біз экстремизм, қылмыс және діни радикализмнің ұштасқанын көрдік. Егер мемлекеттің шешуші әрекеттері болмаса, басқалар да осы толқынға қосылуы мүмкін еді. Түпкі мақсат – билікті күшпен басып алу болды. Барлық әрекет келісілген сипатта болды. Жоспарланған акция бар», – деді бас прокурор.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...