Қазақстандықтарды эвакуациялау үшін Польшадан бесінші рейс ұшып кетті

Танымал

Ел аузында

15 наурызда қазақстандықтарды эвакуациялау үшін Польшадан бесінші рейс ұшып кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

«15 наурызда астана уақыты бойынша сағат 08:50-де Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға бесінші репатриациялық рейс ұшып шықты. Ұшақ Алматы қаласына келеді деп күтіледі. Бортта Украинадан эвакуацияланған 89 жолаушы бар», – делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство бір күн бұрын бұл ұшақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Украинаға гуманитарлық көмектің бірінші партиясын Катовице қаласына жеткізгенін атап өтті. Одан ары жүк Украина аумағына автокөлікпен жеткізіледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұрпақ болашағына қызмет еткен ғалым

Еліміздің гидрогеология саласының дамуына елеулі үлес қосып, саналы ғұмырын халқына қызмет етуге арнаған азаматтардың бірі – гидрогеология ғылымының ардагері,...