Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-21 C
Nur-Sultan
-11.1 C
Almaty
-10.7 C
Shymkent

Зеленский кеңсесі Украина мен Ресей бейбіт келісімге келетін мерзімді атады

Танымал

Ел аузында

Владимир Зеленскийдің кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келісімге бір-екі апта ішінде, ең көп дегенде мамыр айында қол жеткізуге болады деп санайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Менің ойымша, мамыр айынан, мамыр айының басынан кешіктірмей біз бейбіт келісімге келуіміз керек, мүмкін одан да тезірек. Уақыт көрсетеді, мен ең кеш мезгілді қарастырып отырмын. Қазір немесе бір-екі апта ішінде әскерлерді шығарумен және басқа мәселелер бойынша бейбіт келісім болады. Бір-екі апта немесе содан кейін мамыр айының соңына дейін, тағы бір раундтық соғыс әрекеттерінен соң», – деді Арестович журналист Марк Фейгиннің YouTube каналында.

Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің төртінші раунды дүйсенбіде бейнеконференция режимінде өтті. Олардың нәтижелері бойынша Зеленский кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк техникалық үзіліс болғанын, келіссөздер сейсенбіде жалғасатынын мәлімдеді.

Сонымен бірге Украина президенті Владимир Зеленский Радаға соғыс жағдайын 30 күнге ұзарту туралы заң жобасын ұсынды.

Еске салсақ, Ресей Украинадағы әскери операцияны 24 ақпанда бастады. Соғыс әрекеттерінің жалғасып жатқанына екі жарым апта өтті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Dauletten» қоры 74-баспананың кілтін төртбалалы анаға сыйлады

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, «Dauletten» қайырымдылық қоры жүрегі таза, мейірімді азаматтардың қолдауымен тағы бір отбасыға бақыт сыйлап, баспананың...