Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

30 C
Nur-Sultan
30 C
Almaty
37.3 C
Shymkent

Қасым-Жомарт Тоқаев шетел валютасы мен алтынды шекарадан шығаруға тыйым салды

Танымал

Ел аузында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасынан:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі әкету күніне белгілеген бағам  бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймаларын және алтыннан жасалған ALTYN BARYS және күмістен жасалған KÚMIS BARYS инвестициялық монеталарын, сондай-ақ, 100 грамнан аса аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынсын.  

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен және басқа да  мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді», – делінген қаулыда.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области уровень оснащения медучреждений за три года вырос с 79% до 92%

В Алматинской области в рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения», реализуемого по поручению Президента, ведётся системная работа по материально-техническому...