Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

3 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
19.3 C
Shymkent

Украиналық босқындар саны артты – БҰҰ

Танымал

Ел аузында

Соғыс басталғаннан бері Украинадан үш миллион босқын кетті. Бұл туралы БҰҰ босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Филиппо Гранди  Twitter-де жазды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгін тағы бір қорқынышты кезеңді еңсердік: Украинадан үш миллион босқын кетті. Соғыс тоқтауы керек. Дәл қазір», – деп жазды Филиппо Гранди.

Процестің ауқымы мен жылдамдығына сай, БҰҰ бұл оқиғаны Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен көші-қон дағдарысы деп атады. Сонымен қатар, Euronews мәліметінше, шетелде жүрген украиналық босқындардың жартысына жуығы – балалар.

«1,4 миллион бала. 36 сағат бұрын келген кейінгі мәліметтерді ескерсек, 18 күнде бір жарым миллион болған. Шамамен 73 мың (күн сайын) шығады, ал әр минут сайын 55 бала немесе әр секунд сайын бір бала кетеді», – деді ЮНИСЕФ өкілі Джеймс Элдер.
 

Украиналықтардың жартысынан көбі поляк шекарасынан өтеді. БАҚ мәліметінше, Варшава мен Краковтың қалалық билігі босқындарды қабылдау мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеген. Латвияда да бұл туралы айтылды.

10 наурызда Украинадан 2,3 миллионнан аса адам кеткені туралы хабарланды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Как блогер вместе с заказчиками инсценировал аварию?

@Fact Check: 22 января был арестован блогер Кушеев, называющий себя правозащитником.Обвинение — вымогательство.В этом расследовании мы покажем, как блогер...