Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлы, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 16 наурызда Г.Сатыбалды ҚР ҚПК 128-бабы бойынша ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласының УҰИ-не қамалды», – делінген хабарламада.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтыны айтылды.