Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Актриса Әсел Сәдуақасова Қазақстаннан көшіп кетті

Танымал

Ел аузында

Актриса, кинопродюсер Әсел Сәдуақасова Қазақстаннан көшіп кетті. Алдымен Мәскеуде тұру туралы шешім қабылдаған ол көп ұзамай өзін жайсыз сезінген. Соғыс болатынын сезгендей күй кешкен. Сол кезде түйсігіне сеніп, Балиден бір-ақ шыққан ол бұл шешіміне бүгінде дән риза, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Мәскеуге келе салып өзімді жайсыз және бірдеңе болатынын сездім. Тағы пандемия болар деп ойладым. Шыны керек, ол жақта бәрінен оқшауда қалатындай болдым. Сол кезде Балиді ашты, мен бірінші билетті алып, осында келдім. Мәскеуде тура бір ай болдым. Жаратқанға алғысым шексіз», – деп бөлісті Сәдуақасова. 

Сондай-ақ, актриса Балиде тұру қалтаға қаншалықты салмақ салатынын ашып айтты. Сөзінше, Балиде тұру құны Алматымен бірдей. 

«Бағалар өсе бастады. Біздің доллардың курсы да мұндағы шығынға деген көзқарасты өзгертті. 

Ең бастысы, баспана. Қалғаны қисынды бағада. Баспана жалдап тұру бағасы 200 доллардан шексіздікке дейін жалғаса береді. Жақында айына жалдау ақысы 70 мың доллар тұратын вилла көрдім
Доллардың бұрынғы бағамы кезінде мұнда тұру Алматыдан арзан деп ойлайтын едім. Қазіргі курспен Алматыдағыдай болды», – дейді Әсел.

Сәдуақасова бұл елде қанша уақытқа тұрақтайтынын өзі де білмейді. Ол кері қайтуға билет алмаған. 

«Бұл жолы билетті тек бір бағытқа алдым. Уақыт көрсетеді, себебі барлығы да Алланың қалауымен болады. Мен тек Оның белгілеріне қарай әрекет етемін. Жоспар құрмаймын. Қазір және осы жерде өмір сүремін. Осында жаным жай тапты. Бали қай кезде де менің екінші үйім болып қалады», – деп ағынан жарылды Сәдуақасова. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...