Омикрон штамын жеңдік – ДСМ басшысы

Танымал

Ел аузында

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны неге күрт төмендегенін түсіндірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ДСМ басшысы омикрон штамын жұқтырғандар саны қысқа мерзім ішінде ғана артқанын атап өтті. Ол шамамен бір айға созылған – биыл 11 қаңтардан 9 ақпанға дейін.

«Бұл халықтың ұжымдық иммунитетіне байланысты болып отыр. Бірақ ауру әлі де таралуы мүмкін. Менің ойымша, вирус ретінде омикрон штамын жеңдік», – деп түсіндірді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.

Ажар Ғиният бүгінде еліміздің барлық өңірі «жасыл» аймақта екенін еске салды.

«Бұл COVID-19 таралуын болдырмау үшін қабылданған шаралардың тиімділігіне байланысты болып отыр. Сонымен қатар, әлемде омикрон штамын жұқтырғандар саны артып жатыр. Бірқатар елде ол екі айдан аса уақытқа, кейбір елде үш айға созылады», – деп қорытындылады Денсаулық сақтау министрі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в эксплуатацию новая поликлиника, рассчитанная на приём 250 посещений в смену....