Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-21 C
Nur-Sultan
-11.1 C
Almaty
-10.7 C
Shymkent

Ұлы мен қызы бар: Марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының отбасы қазір қайда? 

Танымал

Ел аузында

Мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының ағасы Рысбек Сәрсенбай журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат берді. Ол марқұм інісінің өліміне шынайы кінәлілердің әлі жазаланбағанын мәлімдеді. Сондай-ақ, оның артында қалған ұрпағы жайлы айтты. 

Рысбек Сәрсенбайдың айтуынша, Алтынбек Сәрсенбайұлының артында қалған келіншегі мен ұл-қызы Ұлыбританияда тұрып жатыр. Бүгінде ер жеткен балалар жоғары оқу орнын тәмамдап, бір-бір мамандықтың иесі атанған. 

«Бір ұлы, бір қызы бар. Келініміз, бәрі Ұлыбританияда. Ұл да, қыз да мамандық алды, жұмыс істеп жүр. 

Алтекең қайтыс болардың алдында балалар Мәскеуде болды. Оқулары біткен соң, елге келуі керек болатын. Оған анадай жағдай болды-дағы, балалар сол күйінше Мәскеуде қалды. 

Кейін балалар Англияға оқуға түсті. Кейін аналары қастарына барды.
Балалары әкелерін өте қатты жақсы көрді. Оларға өте ауыр болды. Қасында анасы болмаса, қиын ғой», – деді Рысбек Сәрсенбай.

Алтынбек Сәрсенбаевтың ұлы Бекжан бүгінде 24 жасқа келген. Ағасының айтуынша, әкесін өлтіргендерден кек алатын ойы жоқ. 

«Бекжаным өсті. Бірақ ол кек алмайды, мен де кек алмаймын. Алтекең қайтыс болған кезде мен: «Осы қылмысты жасатқан адамды қалай да табамын. Жазасын алғызамын», – деп ант бергенім рас. 

Ол кезде Бекжаным кішкентай ғой. «Балам, мұндай жағдайда адам кектенеді. Мен кек аламын», – дегенде Бекжаным: «Мен кек алмаймын, ата», – деді. Кекшіл емес. Алтекең де кекшіл емес етін. Кек қайтару керек емес, бірақ әділеттілік жеңуі керек», – дейді Рысбек Сәрсенбайұлы.

Рысбек Сәрсенбайұлы арада 16 жыл өтсе де, інісінің өліміне шынайы кінәлілердің жазаланбағанын мәлімдеді. Ол түбінде қастық жасаушылардың анықталатынына сенім білдірді. 

Айта кетейік, бұған дейін марқұм Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов сұхбат берген еді. Ол әкесінің ісін қайта қарау өтінішімен Бас прокуратураға жүгінген. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Dauletten» қоры 74-баспананың кілтін төртбалалы анаға сыйлады

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, «Dauletten» қайырымдылық қоры жүрегі таза, мейірімді азаматтардың қолдауымен тағы бір отбасыға бақыт сыйлап, баспананың...