Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Медициналық оңалтудан қалай өтуге болады?

Танымал

Ел аузында

Медициналық оңалтудың пациент денсаулығын қалпына келтіруде атқаратын рөлі зор. Жарақат алған немесе созылмалы аурумен ауырып тұрған пациенттің күнделікті өмірге оралып, қалыпты тіршілік етуіне септігін тигізеді. Бұрын көпшілік жағдайда ақылы түрде көрсетілетін оңалту бүгінде сақтандырылған азаматтар үшін қолжетімді болып отыр. Сонымен: оңалтудан кімдер өте алады? Дайындықты неден бастау қажет? Оңалту қызметн көрсететін клиникалар тізімін қайдан алуға болады? Медициналық сақтандыру қорының Алматы филиалы осы және өзге де сұрақтарға жауап берді.

Медициналық оңалту кімдерге көрсетіледі?
Реабилитациядан:

  • негізгі немесе созылмалы ауруды емдеу қажет болғанда;
  • қатты ауырсынудан кейін;
  • хирургиялық операциялардан кейін;
  • жарақат алғаннан кейін;
  • сырқат салдарынан адамның қимыл-қозғалысы шектелген жағдайларда өтуге болады.

Медициналық оңалту қай кезде тегін көрсетіледі?
Қалпына келтіру шараларын ақысыз негізде өтуге болады:

  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде – негізгі ауруды, сондай-ақ туберкулезбен ауыратындарды емдеу кезінде;
  • міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (МӘМС) – аурулар мен проблемалардың халықаралық жіктемесі бойынша аурулар тізбесіне сәйкес (https://mkb-10.com/). Пациент бұрын оңалтудан өтпеген. Неден бастаған жөн?
  1. Ең алдымен тұрғылықты жеріндегі емханаға барады.
  2. Емдеуші дәрігер реабилитолог маманға немесе мультидисциплинарлық топ мамандарына жібереді.
  3. Олар аурудың пайда болуы мен күшеюі, сырқаттың денсаулық жағдайына байланысты мәліметтерді ескере отырып, оңалтуға деген қажеттілікті айқындайды. Бастапқы реабилитациялық диагноз қойып, пациент денсаулығын қалпына келтіру жоспарын, курстың мерзмін т.б. анықтайды.
  4. Егер кешенді тексеру нәтижесінде реабилитация тиімді деп табылса, пациент оны амбулаторияда, стационарда, стационарды алмастыратын емдеу мекемесінде, үйде немесе санатория-курорттарда өте алады. Жоспарлы түрде ем қабылдайтын пациент стационарға «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталы арқылы жатқызылады. Оңалтудан бас тартуға қандай жағдайлар себеп болуы мүмкін?
  • көп қан кету;
  • дене қызуының көтерілуі және ұзақ уақыт бойы қалыпты жағдайдан асып кетуі;
  • өткір жұқпалы аурулар;
  • өткір остеомиелит;
  • көктамыр тромбозы
  • жүрек жеткіліксіздігі;
  • эпилепсия талмасы ұстаған кезде;
  • қатерлі ісік, туберкулез, қант диабеті, тиреотоксикоз, бауыр қызметі тапшылығы, ІІІ деңгейлі ұйқы безі тапшылығы, адамның көңіл-күйі мен мінезінде ауытқулар тудырған психикалық аурулар, іріңді және жұқпалы тері аурулары, 2-3-дәрежелі анемия, 3-дәрежелі дистрофия сынды аурулар себеп болуы мүмкін.
    Оңалту пациенттің өз өтініші бойынша тоқтатылуы мүмкін. Сонымен қатар, ем-шаралардан кейін сырқаттың жағдайы нашарлаған жағдайда немесе негізгі, қосалқы аурулары күшейіп кеткен жағдайда дәрігер ем-шараны тоқтату туралы шешім қабылдайды.

Медициналық оңалту үш кезеңнен тұрады:
Біріншісі ауруы асқынып тұрған науқастарға, хирургиялық операция жасатқан, жарақат алған адамдарға арналған. Ол стационарлардың құрылымдық бөлімшелерінде жүргізіледі.
Егер ауруханаға жатқызу қажет болмаса, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін және негізгі ауру емделіп болғаннан кейін пациент оңалтудың екінші немесе үшінші кезеңіне жіберіледі.
Оңалтудың екінші кезеңі мамандандырылған бөлімшелерде немесе республикалық денсаулық сақтау ұйымдары, мамандандырылған оңалту орталықтары мен көпбейінді стационарлар базасында өтеді. Бұл кезең ауру басталған сәттен бастап тоғыз ай ішінде жүргізу қажет. Курстың ұзақтығы мен жиілігі нозологияға, науқасты денсаулық жағдайына тағы да басқа факторларға байланысты болмақ.
Үшінші кезеңде медициналық оңалту емхана-амбулатория деңгейінде, күндізгі және тәулік бойғы стационарларда, оңалту орталықтарында, санаторийлер мен курорттарда, үйдегі стационар жағдайында, сондай-ақ қашықтықтан жүргізіледі. Курстың жиілігі мен ұзақтығы пациенттің денсаулығына қарай белгіленеді. Оңалтудан алынған нәтиже міндетті түрде ескерілуі тиіс.

Коронавирустан жазылғаннан кейін оңалтудан өтуге бола ма?
Коронавирустық инфекциямен немесе орташа, ауыр және аса ауыр деңгейдегі пневмониямен ауырған қазақстандықтар оңалтудан Медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен өте алады. Медициналық оңалтуға жолдама реабилитолог маман мен аурухананың/емхананың мультидисциплинарлық командасының қорытындысы арқылы беріледі.
Реабилитация қажеттігін бағамдау барысында мынадай көрсеткіштер тексерледі: тыныс алу органдарының қызметі (сатурация деңгейі, КТ/рентгенографиядағы өзгерістер), күнделікті өмірге қабілеті (Бартел индексі).

Медициналық оңалту қызметі қай жерде көрсетіледі?
Медициналық реабилитациямен айналысатын емдеу мекемелерінің тізімі Қордың ресми сайтында жарияланған: https://fms.kz/kontaktnaya-informatsia/vybrat-kliniku/.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Жұмысқа орналастырып беремін» деп екі танысын алдаған әйелдің үстінен іс қозғалды

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық қылмысын жасаған әйелді анықтады.Күдікке ілінген әйел екі бірдей танысына мамандықтары бойынша мектепке жұмысқа...