Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

6 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Экология министрлігі: Арал теңізіндегі су көлемі артты

Танымал

Ел аузында

Экологтар Сырдария өзені сағасының өткізу қабілеті мен ирригациялық көлдерді сумен қамтамасыз етудің артқанын айтты. Арал теңізінде су көлемі 11,5 текше километрге ұлғайған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

“Бұл Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жобасын іске асырудың нәтижесінде болды”, – деп хабарлады Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Экологтар » Ғасыр жобасы » деп атаған жоба мынадай мақсаттарға қол жеткізуге көмектескенін айтады:

Солтүстік Арал теңізінің Көкарал бөгеті, Әйтек құрылыстар кешені, Сырдария өзеніндегі қорғаныс бөгеттері салынды;

 Қызылорда, Қазалы қалаларының гидротораптарында, Шардара және Арнасай су қоймаларының бөгеттерінде құрылыс жұмыстарының едәуір көлемі жүргізілді.

«Осыған байланысты Арал теңізінің солтүстік бөлігіне ағатын су көлемі ұлғайды. Арал өңірінің көптеген биологиялық түрлері қалпына келтіріліп, ауыл шаруашылығы алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз ету жақсарды», – деп хабарлады экология министрлігі.

Жобаның бірінші фазасын іске асыру нәтижесінде:

– Сырдария өзені арнасының өткізу қабілеті 350-ден 700 м/с дейін артты;

– географиялық климат түзуші объект ретінде Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау;

– ирригациялық және көлдік жүйелердің сумен қамтамасыз етілуі артты;

– Шардара бөгетін пайдалану қауіпсіздігі мен СЭС-інің жұмыс режимін тұрақтандыру артты.

– өзендегі қолданыстағы құрылыстардың сенімділігі артып, оларды пайдалану мерзімі ұлғайды. Су тораптарының пайдалану сипаттамалары жақсарды;

– Арал өңірінің қазақстандық бөлігінің биоалуантүрлілігі қалпына келтірілді;

«Бұл өз кезегінде көлдерді қалпына келтіруге алып келді және балық шаруашылығын дамытуға мүмкіндік берді. Бұрын теңізде жоғалып кеткен балықтың 13 түрі қалпына келтірілді. Балық аулау көлемі 400-ден 7,0 мың тоннаға дейін ұлғайды», – деп толықтырды министрлік.

Қазіргі уақытта Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтірудің екінші кезеңінің жобасы дайындалуда. Сондай-ақ Арал теңізіндегі балық шаруашылығын қайта жаңарту жоспарлануда.

1960 және 1980 жылдар аралығындағы кезеңде Арал теңізінің қажеттіліктерін ескермеу салдарынан жылына 60 киллометрге тең су ағынын 9-12 киллометрге дейін қысқарған болатын. Салдарынан Арал теңізі балық шаруашылығы мен рекреациялық маңызын жоғалтты.Әмудария мен Сырдария өзендерінің бірегей ландшафттық аймақтары нашарлап, теңізге жақын аудандарда климаттық жағдайлар өзгере бастаған болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...