Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-8.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

Діни сауаттылықты арттыру адасудан сақтайды

Танымал

Ел аузында

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің ЛА-155/18 мекемесінде сотталғандар және тергеудегі айыптаушылармен діни сауаттылықты арттыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Жақында Алматы қаласының «Әли-Мұхаммед» мешітінің бас имамы Қанатали Тахировтың қатысуымен экстремистік идеялардың алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстар жүргізілді.


Сұхбаттасу барысында бас имам қазіргі уақыттағы діндегі ахуал жайлы баяндап, Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңына түсіндірме беріп, теріс діни ұйымдардың қоғамға қауіптілігін айтып өтті. Сондай-ақ кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға шақыратынын және ондай алдап, арбаудан аулақ болу үшін діни сауаттылықты арттыру әрбір адамға қажет екенін атап өтті.


Ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ салып, діни сауаттылықты арттыруда да Дін істері жөніндегі басқарма рұқсат берген оқулықтарды оқуға шақырды. Имам теріс ағымдар жетегіне кететін азаматтар мен азаматшалар көбінесе діни сауатсыздықтың кесірінен адасатынын айтып өтті.


Өзге діннің арбауына еріп, өзін жоғалтқан жандардың көбі елге оралып, өз жазаларын алғанымен, олардың қатарымызға қосылуы өте қиын. Мұны имам олармен жүргізілетін оңалту жұмыстарына қатысты айтып өтті. Шындығында оңалту ұзақ жүргізіледі, оларға мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп, арнайы діни сауаттылығы жоғары мамандар жұмыс жасайды.
Сондықтан әрбір адам өзінің діни сауаттылығын арттырып, адаспайтын жол іздеу керек. Осы айтылған түсіндірме жұмыстар өз нәтижесін беріп үлгермесе, біздің болашақ ұрпағымызға зиянын тигізетінін айтып өткен бас имам Қанатали Тахиров кездесу соңында сотталғандардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Әсет Мелис,
ЛА-155/18 мекемесінің
теологиялық оңалту
жұмысының инспектор-теологы,
әділет аға лейтенанты

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПОДВЕДЕНЫ ИТОГИ ПРОЕКТА «АКСЕЛЕРАТОР МОЛОДЕЖНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ ГОРОДА АЛМАТЫ»

Состоялся итоговый круглый стол проекта «Акселератор молодежных организаций города Алматы», организованного Корпоративным фондом «Альянс студентов Алматы» при поддержке Управления...