Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

32.3 C
Nur-Sultan
34.2 C
Almaty
41.8 C
Shymkent

Қазақстанда сотталғандардың бірыңғай киім үлгісі бекітілді

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда сотталғандардың жаңа бірыңғай киім үлгісі бекітілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа киім үлгісі жазғы және қысқы мерзімге арналған.

Сотталғандардың жазғы киім нысаны: шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай тігілген, ені 2,5 сантиметр болатын жарық шағылыстырғыш бір жолағы бар күртеше және шалбар:

  • сотталған ерлер мен кәмелетке толмаған ұлдар үшін – сұр түсті;
  • сотталған әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздар үшін – жасыл түсті;
  • тәртіптік изоляторлардағы және жалғыз адамдық камералардағы сотталғандар үшін – қызғылт сары түсті.

Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар үшін шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай көлденеңінен арасынан 2 сантиметр қалдырып тігілген, әрқайсысының ені 2,5 сантиметр жарық шағылыстырғыш екі жолағы бар күртеше мен шалбар – қоңыр түсті. Бас киім – су өткізбейтін матадан тігілген кепка (әйелдер үшін – үшкіл орамал).

Сотталғандардың қысқы киім нысаны: Шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай тігілген, ені 2,5 сантиметр болатын жарық шағылыстырғыш бір жолағы бар күртеше және шалбар:

  • сотталған ерлер мен кәмелетке толмаған ұлдар үшін – сұр түсті;
  •  сотталған әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздар үшін – жасыл түсті.

Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар үшін шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай көлденеңінен арасынан 2 сантиметр қалдырып тігілген, әрқайсының ені 2,5 сантиметр жарық шағылыстырғыш екі жолағы бар жылы күртеше мен шалбар – қоңыр түсті. Бас киім – иірілген 2 немесе 3 жіптен тоқылған бөрік.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...