Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Түтін құбыры құлаған Петропавлдағы ЖЭО-2-де тағы бір жабдық істен шықты

Танымал

Ел аузында

29 наурызда Петропавл ЖЭО-2-де тағы бір жабдық істен шыққаны хабарланды. Бұл жолы – қож құбыры бұзылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Құбырдың құлауы нәтижесінде құбырдың астында орналасқан бір күл-қож құбыры істен шықты. Станция үш қож құбырымен жұмысын жалғастырды. 29 наурызда № 1 түтін құбырының астындағы құбыр да істен шықты», – деді «Солқазэнерго» АҚ баспасөз хатшысы Лилия Шерина.

Оның айтуынша, қалпына келтіру жұмыстары 31 наурызға дейін созылады. Сол кезде Петропавл ЖЭО-2-де істен шыққан қож құбыры қайта жұмысын бастауы керек. Құлаған құбырды бөлшектеу 15 сәуірде басталады.

Еске салайық, 20 наурызда Петропавл ЖЭО-2-де 150 метрлік мұржаның бір бөлігі құлады. Оқиғадан кейін бір тәуліктен астам уақыт құтқарушылар кәсіпорын маманын іздеді. 22 наурызда 38 жастағы қызметкердің мәйіті үйінділердің астынан табылды. СҚО Прокуратурасы тергеу жүргізіп жатыр. 22 наурызда «ЖЭО-2» ЖШС директоры мен кәсіпорынның бас инженері ұсталып, Петропавл полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

26 наурызда Петропавлдағы ЖЭО-2-де тағы да апат болды.

ЖЭО-2-нің құлаған мұржасы 1961 жылы пайдалануға берілген. 2016 жылы құлаған құбыр жөнделген болатын. 2021 жылы қараша және желтоқсанда Петропавлдағы ЖЭО-2-де екі рет апат болды. Екі ретте де 2 қазандық істен шықты. Кейін қаланың бірнеше ауданы электр жарығынсыз қалған болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...