Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-24 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
4.3 C
Shymkent

«Өзіміз отырып шай ішейік»: Дубайдағы концертінде қазақша қалжыңдаған Димаш елді күлдірді

Танымал

Ел аузында

Димаш Құдайберген Дубайдағы концертінде болған қызықты сәттің видеосын жариялады. Онда әнші қазақ тілінде әзілдеп, жиылған жұртты күлкіге қалдырған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлемнің түкпір-түкпірінде Dears-тардың басын қосып жүрген Димаш көпшілікке түсінікті болу үшін концерттерінде ағылшын тілінде сөйлейді. Бұл жолы Құдайбергенов қазақ тілін де қолданған. 

«Қалайсыздар, құрметті ағайын? Өзіміз отырып шай ішейік деген сияқты, қазақша сөйлегенге кәдімгідей рахаттанып отырмын. Не қыл дейді? Қазақша қазір болады. Ел-жұрт аман ба? Амансыздар ма?» – деп халықтың жағдайын сұрады әнші.

Қазақ тілін түсінетін тыңдармандар әншінің әзіліне күлсе, қалғандары Димаштың сөзін аударып беруді өтінді. 

Айта кетейік, Димаш Құдайберген 25 наурыз күні Дубайдың Coca-Cola аренасында концерт берді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысына шектеу енгізілді

Бүгін, 2026 жылдың 22 қаңтарында, ауа райының күрт нашарлауына, қатты жел соғып, қардың толассыз түсуіне байланысты Түркістан облысында жүк...