Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Қапшағайдағы ойынханалар басқа жаққа көшіріле ме – министрлік жауабы

Танымал

Ел аузында

Қапшағай Алматы облысының орталығы болады.

 Мәдениет және спорт министрлігі Қапшағайдағы ойынхана аймағын басқа жаққа көшіру мәселесін қарастырып жатқан жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында Алматы облысын екіге бөліп, Алматы және Жетісу өңірлері құрылатынын айтты.

Қапшағай Алматы облысының орталығы болады.Соған байланысты Sputnik Қазақстан тілшісі мәдениет және спорт министрлігіне өңірдегі ойынханаларды Қапшағай қаласынан басқа қалаға көшіру жоспарланып отыр ма деген сұрақ қойды.Министрлік казино, ойын автоматтары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар орналасатын аумақты мәдениет және спорт министрлігінің келісімі бойынша әкімдіктер айқындайды деп жауап берді.»Қазір Алматы облысындағы ойынхана аймағының орнын өзгерту мәселесі үкіметтің күн тәртібінде тұрған жоқ», – деп мәлімдеді ведомство.Айта кетері, Қапшағай атауын Дінмұхамед Қонаев деп ауыстыру жоспарланып отыр. Жергілікті мәслихат бұл ұсынысты қолдады. Енді бұл шешімді облыстық және республикалық ономастикалық комиссиялар бекітуі керек.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...