Қазақстанда соңғы үш жылда қатерлі ісікке шалдыққандар саны 14%-ке артқан. Статистика бойынша бұған негізгі себеп экологияның ластануы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.
Күкіртсутек, мышьяк, аммиак, азот диоксиді. Зиянды қалдықтардың жартысынан астамы Павлодар және Қарағанды облыстарынан келеді. «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының өзі жылына атмосфераға 250 мың тоннаға дейін зиянды заттарды шығарады. Компанияда бірнеше рет норма бұзушылықтар анықталған.
“Әзірге қоқыс қалдықтарын бақылау бойынша бақылау жұмыстары жоқ. Уәделер мен сөздер көп. Алайда біз табиғат саулығынан басқа мүмкін емес дүниелерді сұрап тұрған жоқпыз. Біз кәсіпорындардың жұмысы мен ластау көрсеткішін әлем боынша салыстырып көрдік. Мысалы “Арселор Миттал Теміртау» компаниясы ондаған елдерде жұмыс істейді. Басқа елдерде ластану көрсеткштері жылына 5-7%-ды көрсетсе, біздің елде бұл көрсеткіш мүлде жоқ. 10 жылдай уақыт өтті. Көпшілігінде ауаның ластануы азайып жатса, бізде әлі нәтиже жоқ. Компания ағынды суларды тазарту қондырғыларына жұмсалған жүздеген миллион долларлар туралы есеп береді. Алайда бұған қарамастан қалдықтардың азаяр түрі жоқ”, – деді эколог Дмитрий Калмыков.
Еліміздегі ауасы ең ластанған қалалардың ондығына Теміртаудан басқа облыс орталықтарының барлығы дерлік кіреді. Улы шығарындылар жылына орта есеппен 2% өлім динамикасын арттырады. Дүние жүзінде әрбір төртінші адам экологиялық проблемалардан туындаған аурулардан қайтыс болады. Экологияның ластануынан онкология ғана емес жүрек-қан тамырлары, созылмалы және жедел респираторлық аурулар да пайда болады. Сенаторлар жағдайды шұғыл назарға алуға шақырады.
“Қазақстан Париж келісімін ратификациялай отырып, 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 15%-ға қысқартуға міндеттелді. Нысаналы индикаторлардың орындалмауына байланысты қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жол карталары әзірленіп, нақтыланып, барлық іс-шаралар тиімді жүзеге асырылуы тиіс деп есептейміз. Сондай-ақ қазір Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу доктринасын әзірлеуде. Бұл құжат еліміздегі табиғат пен климатты құрметтеудің негізін құрауы тиіс”, – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Абдалы Нұралиев.
Сенаторлар Үкіметке тақырып бойынша депутаттық сауал жолдады. Қазақстандағы экологиялық мәселелердің бірнеше жылдан бері көтеріліп келе жатқанына тағы да назар аударды.