Қытайда омикронның тағы бір түрі табылды

Танымал

Ел аузында

Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясында BA.1.1 деп аталатын омикрон штамының жаңа нұсқасы анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 9News басылымына сілтеме жасап.

Сучжоудағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, 28 наурызда COVID-19-дың жеңіл белгілері бар науқаста омикронның жаңа түрі анықталған, сарапшылар нақты ақпарат алу үшін қосымша зерттеулер жүргізіп жатыр. BA.1.1 омикрон штамы Қытайдың басқа өңірлерінде немесе әлемде тіркелмеген.

Shine порталының мәліметінше, COVID-19-дың жаңа нұсқасы туралы қорытынды вирусологтар геном деректерінің қолданыстағы банктерінде жоғары гомологтық генетикалық тізбектерді анықтай алмағаннан кейін пайда болған.

Бұл нұсқаны зерттеп жатқан сарапшылардың бірі алдынғы нұсқалармен 99 пайыз ұқсастық бар деп санауға болатынын, бірақ генетикалық секвенирлеу арқылы нуклеотидтердегі елеулі айырмашылықтар болуы мүмкін екенін атап өтті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті чемпиондарын ұлықтады

Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті әрқашан үздік спортшыларды қолдайды. Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінде халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға білім беру грантын табыстауға...